» » Зейнетақы жинақтарын инвестициялау: Қызмет қашан қол жетімді болмақ?

Зейнетақы жинақтарын инвестициялау: Қызмет қашан қол жетімді болмақ?

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі аптадан бастап инвестициялаушы компанияға бере алады. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Қазіргі таңда зейнетақы активтерін басқаруға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Келесі аптадан бастап қызмет қолжетімді болады.
"Зейнетақы активтерін басқаруды жоспарлап отырған жекелеген басқарушы компаниялар БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарттарын жасасу жұмысын бастап кетті. Ақпанның басынан олар ақпарат алмасуға және зейнетақы жинақтарын беруге байланысты техникалық мәселелерді пысықтап жатыр. Шарт жасасып, БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялардың тізілімі жарияланғаннан кейін салымшы компанияны таңдап, өз жинақтарының бір бөлігін сол жерге аудара алады. Келесі аптада бұл опция салымшыларға қолжетімді болады деп ойлаймыз", - деді Еділ Медеу агенттіктің брифингінде.
Қазақстанда 18 басқарушы компанияның алтауы зейнетақы активтерін басқару құқығын пайдалана алатынын нақтыланды. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтып берді. 
"Бұл бизнесті жүргізуге арналаған шешім, сондықтан басқарушы компания мен оның акционерлері бұл шешімді өздері қабылдауы керек. Сол себепті алты компанияның бәрі бұл қызмет нарығына шықпауы да мүмкін. Басқарушы компанияларды қосу, олардың бұл қызметті міндетті түрде көрсететінін білдірмейді", - деп түсіндірді Хаджиева.
Зейнетақы жинақтарын компаниялар басқаруына беру үшін оны БЖЗҚ-мен бірге жүргізетін қосымша шарт жасасу қажет.
Бұған дейін агенттік жинақтарды мерзімінен бұрын алу шеңберінде қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат бере алатын алты компанияны атады:
- First Heartland Jysan Invest АҚ;
- BCC Invest АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның еншілес ұйымы;
- Halyk Global Markets АҚ ("Қазақстан Халық банкі" АҚ ЕҰ)");
- Halyk Finance "Қазақстан Халық банкі" ЕҰ АҚ;
- First Heartland Capital АҚ;
- "Сентрас Секьюритиз" АҚ.
18 ақпан 2021 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031