» » Ұлттық қор ұрпақ қамы үшін

Ұлттық қор ұрпақ қамы үшін

qarmaqshy-tany.kz ӘРБІР ОТБАСЫНЫ БАҚЫТҚА БӨЛЕЙТІН, ЕЛІМІЗДІҢ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІНЕ АЙНАЛАР БАЛАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ, ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУЫ ДА ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. ОСЫ ОРАЙДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА» АТТЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫН ХАЛЫҚ ҰЛТ БАЙЛЫҒЫНЫҢ ҮЛЕСІН СЕЗІНЕР ҮЛКЕН БАСТАМА САНАП, ҚУАНА ҚАБЫЛДАДЫ.
Президент ел көңілінен шыққан тың бағдарлама туралы былтыр «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтты. Оның бұл бастамасы әділетті қоғамның орнауы ұлт байлығын тең бөлу мен баршаға бірдей мүмкіндік беруден басталады дейтін ойымен толық үйлесіп тұр. Ендеше, аталған бағдарлама жөнінде сөз қозғамас бұрын Жолдаудан үзінді келтірсек.
«Біз Ата Заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын» деген еді Қ.Тоқаев.
Осынау жаңалыққа қанығып, қуанып қалған қауымды алдымен әр баланың еншісіне шамамен қанша көлемде қаржы бұйыратыны қызықтырды. Әркім түрліше болжам жасады. Дүние есігін ашқан әр баланың өскенінше есепшотына қаржы аудару туралы бағдарламаның сәтті іске қосылуы үшін 2024 жылға дейін уақыт берілді. Сол уақытта көпшілік «әлі 2 жыл бар екен ғой» десті. Алайда зымыраған уақыт қойсын ба? 2024 жыл да есігімізді қаққалы тұр. Көпшілік күткен бағдарлама да іске қосылмақ.
Негізінде мұндай бастама өзге елдерде бұрыннан бар. Мәселен, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында мұндай жоба «Ана капиталы» деп аталады. Бірақ бұл мемлекеттерде бірден шамамен 10 мың доллар бөлінеді, оны бала 18 жасқа толғанға дейін қолдануға болмайды. Бұл қаржыны да тұрғын үйге немесе білім алуға жұмсауға болады. Сондай-ақ Аляска мұнай қорының осыған ұқсас тәжірибесі бар. Алайда олар балаларға ғана емес, Алясканың әр тұрғынына жылына 2 мың доллар төлейді. Ал бұл төлемді алушылар қалағанынша жұмсай алады. Төлемнің жалғыз шарты – алушы адам сотталмаған болуы керек. Ал біздегі қойылып отырған негізгі талап – әрбір балаға жинақталған қаржы кәмелет жасына толған соң баспана немесе білім алуына жұмсалады.
– Елімізде қазір аса ауқымды реформалар жүріп жатыр. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнайы жинақ шотына аударуды ұсынған болатын. Мұндай күтпеген жаңалыққа отбасымызбен қуандық. Бала тәрбиелеп отырған соң, олар алдағы уақытта ештеңеден тарықпаса екен дейміз. Бұл – халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған басты өзгерістің бірі дер едім. Себебі арнайы есепшотқа түскен қаражат бала 18 жасқа толғанша ешкімге берілмей, жинақталады. Енді ел азаматтары кəмелет жасына толған шақта белгілі бір деңгейде жинағы бар, ертеңіне сенімді азамат болып өседі. Бұл өскелең ұрпақтың үлкен өмірге енді ғана қадам басқан сəтте кездесетін қаржылық қиындықтарды еңсеруіне демеу болары анық. Игі бастама келесі жылдың қаңтарынан бастап жүзеге аспақ. Бұл біздің балаларымыздың болашағы үшін мемлекет тарапынан жасалынып жатқан үлкен қамқорлық деп білемін, – дейді көпбалалы ана А.Нұржанова.
Жалпы, қоғамның орнықты дамуына арқау болатын әділет екені анық. Осы орайда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ел болашағына деген үмітімізді арттырып, сенімімізді нығайта түсетін қадам болды. Бұл бағдарламаның ел болашағына салынып отырған инвестиция екені айдан анық.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
15 қараша 2023 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 415

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930