» » Жаңа қадамдар бастауы

Жаңа қадамдар бастауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Білім күнімен тұспа-тұс келген Жолдауда еліміздің алдағы әлеуметтік- экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылды.
«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз» деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Жолдауында нақты бағдарларына тоқталып, жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіп сынды алдағы реформаларды айқындап берді.
Ел Президенті бүгінгі жолдауында еліміздің әлеуметтік саласының, оның ішінде денсаулық, білім, мәдениет, тағы да басқа салалардың дамуы турасында сөз қозғай келе, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы, студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілу керектігін ескертті.
Жолдау барысында Қ.Тоқаев: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын» деді.
Иә, осы орайда ел Президентінің жолдауына жас маман ретінде қолдау көрсетіп, бүгінгі біздің басты мақсатымыз – әділетті мемлекет пен берекелі қоғамда өмір сүріп жатқанымызды әрбіріміз жүрекпен ұғынып, ел дамуына өз үлесімізді қосып, келешегі кемел ел жастары болашағының жарқын болатынына сенім білдіремін.
Шолпан ДӘУЛЕНБАЕВА,
аудандық мәслихаттағы «AМANAT» партиясы
депутаттық фракциясының мүшесі
11 қыркүйек 2022 ж. 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 007

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031