» » Жаңашылдық пен ұмтылыс: Аудан әкімінің есепті кездесулері Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл ауылдық округтерінде жалғасуда

Жаңашылдық пен ұмтылыс: Аудан әкімінің есепті кездесулері Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл ауылдық округтерінде жалғасуда


qarmaqshy-tany.kz Қай саладағы жұмысты да ілгері жылжыту үшін ілкімді ізденіс қажет. Бұл өз кезегінде әр деңгейдегі әкімдердің жұмысынан көрініс табуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда аудан экономикасының даму қарқыны мен халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту үшін жаңашылдық пен ұмтылысқа толы нендей істер атқарылды?! Әкімнің халық алдындағы есебі де осы төңіректе өрбіді.

Биылғы жылы ауданның макроэкономикалық көрсеткіштері дағдылы қарқынынан жаңылмай, әр салада ілгерілеу байқалды. Әсіресе, әлеуметтің әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындары ашылып, бірнеше жоба іске асты.

Аудан экономикасының негізгі тұтқасы саналатын ауыл шаруашылығы саласындағы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады. Аталмыш саладағы басты басымдық күріш өңдірісінің үлесінде екені белгілі. Бірнеше ғасырлардан бері «Сыр салысын» өндіруді үздіксіз жалғастырған ауыл еңбеккерлері биылғы жылы 13770 га алқапқа егін орналастырып, нәтижесінде әр гектардан орта есеппен 60 центнерден өнім алды. Бұл туралы аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы елдімекен тұрғындарымен есепті кездесуінде айтты.

Ауданда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген жобалардың үшеуі іске асырылды. Соның ішінде «Қармақшы Құс» құс өңдеу фабрикасының жұмысын бастауы аудан үшін жаңа да таңсық жоба деуге болады. Қармақшыда экономиканың басым бағыттарын өркендетумен бірге, әлеуметтік салаға да барынша көңіл аударылып отыр. Осы кезге дейін әбден тозығы жеткен ғимараттарда амалсыздың күнін кешкендей болған медицина саласы тың серпіліске толы. Атап айтар болсақ Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарындағы жаңа медициналық амбулаториялардың құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін халық игілігіне пайдалануға берілуі.

Ел келешегі үшін денсаулық сақтау мен білім беруді жетілдірумен бірге, тұрғындардың жақсы тұрмысын қалыптастыру үшін назар аударатын өзге жәйттер бар. Мәселен, 2022 жылы аудан орталығы Жосалы кенті толық көгілдір отынға қосылса, биыл Ақай ауылдық округінің әр отбасының шаңырағында «көгілдір отын» алауы жануда. Аталмыш жұмыстар жыл аяғына дейін Төретам кентінде де жалғасы табатын болады.

Сол секілді аудан аумағындағы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 11 су ұңғымаларын орнату жұмыстары толық аяқталды. Мұнымен қоса бірнеше ауылдардағы таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін су құбырлары жаңартылып, аудан тұрғындары таза ауыз суды тұтынып отыр.

Әр ауылға, әр көшеге маңдай тірейтін жолдар жөнделмей, тұрғындар көңілі жай таппайды. Осы бағытта да ауыз толтырып айтарлық жақсы істер жалғаса беретін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 желтоқсан 2023 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 415

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930