» » Кешіре гөр, Тәңірім!

Кешіре гөр, Тәңірім!

Мөлдірдің есімі ғана емес, өлеңдері, ақындық жолындағы шығармашылығы да мөлдір. Ұйқасы, сөз саптасы, тереңнен, тұнықтан сөз маржанын теруі, бәрі-бәрі де үйлесім тапқан. Ақын қыздың ақындық қасиеті қанында бар деуге де толық негіз бар. Өйткені ол елімізге белгілі өнер иесі Бекұзақ Тәңірбергеновтің туған перзенті. Аралдың тумасы. 9 сыныптан бастап өлең жазады. 17 жасынан өлең өлкесіне еркелей кіріп, түрлі аудандық, облыстық деңгейдегі ақындар мүшәйрасына қатысып, бағын сынап жүр. Оның бірқатарының бас жүлде иесі болса, қай байқаудан да бос қайтпаған. Мөлдір ақын бүгінде Төретам кентіндегі «Гаухартас» бөбекжай-бақшасында қызмет етеді.
Бүгін ел назарына шығармашыл жанның жүрегінен жарып шыққан өлеңдер топтамасын ұсынып отырмыз. Қанатты қаламнан шыққан ақын қыздарыңыздың рухты туындыларын өздеріңіз де бір байқап көріңіздер, құрметті оқырман!


Жыламасқа жылап,
Сұрамасты сұрап.
Құламасқа құлап,
Жүрген екем, Тәңірім!
Ұйқылы-ояу сана,
Қиналғанда ғана.
Есін жия сала,
Неге өйістеді,
Тәңірім! Бар бол десең, көппіз,
Жоқ бол десең, жоқпыз.
Мейірімің шексіз,
Емес пе еді, Тәңірім!
Қадамын қалт басқан,
Құлшылықтан қашқан.
Бар бұлтымды бастан,
Кешіре гөр, Тәңірім!
Жанға өзің еге,
Бақ нұрыңды төге.
Шуағыңа бөле,
Кешіре гөр, Тәңірім!

МӨЛДІР БЕКҰЗАҚҚЫЗЫ

24 қараша 2023 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930