» » Салық төлеушілер назарына

Салық төлеушілер назарына

qarmaqshy-tany.kz Алкоголь өнімдеріне лицензия алу тәртібі
Алкоголь өнімдерін сақтау, оны көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметімен айналысуға ниет білдірген салық төлеушілер «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ арқылы электронды өтініш береді. Өтініште келесі мәліметтер көрсетіледі:
1. Жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН/БСН, кадастрлық нөмері.
2. Жылжымайтын мүлікті жалға алу келісім-шартының көшірмесі (жалғанады);
3. Су, жарық, жылумен қамтамасыз ету келісім-шарттың мәліметтері (келісім-шарт жасалынған күн, нөмірі);
Лицензия берудің алғышарттары:
• Деректерді беру функциясы бар БКМ орнату;
• Лицензиялық алымды төлеу.
Салық төлеушінің «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ тапсырған өтініші электронды канал арқылы Мемлекеттік кірістер органдарына келіп түседі. Өтінішті өңдеу «е-лицензия» бағдарламасы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады. Өтінішті өңдеу 1 тәулік ішінде жүзеге асырылады.
Бөлшек саудаға лицензияның алым мөлшерлемелері: Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (2023 жылға – 345 000 тг.), аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде – 70 АЕК (2023 жылға – 241 500 тг.), ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК (2023 жылға – 103 500 тг.).
Көтерме саудаға – 200 АЕК немесе 690 000 тг.
Бұл ретте, лицензия алу үшін төленген алғашқы алым (105402 БСК), лицензия алынған жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Лицензия алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап лицензияны пайдаланғаны үшін тоқсан сайынғы төлемақыны (105434 БСК) төлеу міндеті туындайды. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын салық салынатын объектінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.
Өтінімді egov.kz веб-порталынан беруге болады, өтінішке жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының сканерленген нұсқасын салу керек және біліктілік талаптарына берілетін мәліметтер нысаны толтыру қажет.
Акцизделінетін тауарларды сақтау, оны көтерме және бөлшек саудада сату қызметін жүзеге асыруға лицензия беру мемлекеттік қызметі ҚР ҚМ 10.07.2020 жылғы №665 Бұйрығымен бекітілген.
Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы
20 қараша 2023 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31