» » Тәртіп – жауапкершілікті талап етеді

Тәртіп – жауапкершілікті талап етеді

qarmaqshy-tany.kz СЕЙСЕНБІДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОҒАН ДЕРБЕС БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ, КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Комиссияда қаралған бірінші мәселе бойынша «Төретам кенті әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы» Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Елеусіновтің хабарламасы тыңдалды. Екінші мәселе бойынша «Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы туралы» аудандық білім бөлімінің қамқоршылық қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органының бас маманы Нұрхан Сарымсақов хабардар етті. Ал үшінші мәселе бойынша осы жылдың 24 қазанында орын алған жол көлік оқиғасына байланысты аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ермек Жандарбеков хабарлама жасады. Жасалған хабарламалар аясында комиссия төрағасы Жұлдызхан Байназарұлы тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, бала құқығына жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды. Комиссия отырысында қаулылар қабылданды. "ҚТ" ақпарат
06 қараша 2023 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930