» » "Ұлттық қор - балаларға": қазақстандықтар төлем алу үшін не істеуі керек?

"Ұлттық қор - балаларға": қазақстандықтар төлем алу үшін не істеуі керек?

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында 18 жасқа толған қазақстандықтар алғашқы төлемді қалай алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: elements.envato.com

Оның айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жобасы іске қосылып, 1 ақпанда ақша аударыла бастайды.

Балалардың ата-анасы шотқа ақша аударылғанын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан балалардың ЖСН-ы арқылы тексере алады.

Ұлттық қордың инвестициялық табысынан аударылатын қаражат бала 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл шотында сақталады. Бұл ақшаны баспана сатып алуға немесе жоғары білім алуға жұмсауға болады.

"18 жасқа толған қазақстандықтарға тоқталайын. Оларға ешқайда барудың керегі жоқ. Тиісті шоттарды автомат түрде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ашады. Кәмелетке толғандар арнайы шотты уәкілетті оператордан ашуы керек. Одан кейін электрон портал арқылы тиісті өтінімді береді. Сол өтінім арқылы БЖЗҚ-дағы шоттан өзінің арнайы шотына ақша аударады", - деді Дәурен Темірбеков ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр 18 жасқа толмаған балаларға автомат түрде шот ашылып, оған Ұлттық қорға түскен инвестициялық табыстың 50 пайызы аударыла беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол кәмелетке толған қазақтандықтарға БЖЗҚ-дан тиісті хабарлама келетінін атап өтті.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тиісті хабарламаны (Ұлттық қордағы қаражатты алуға қатысты - автор) жібереді. 2024 жылғы 1 қаңтарда "Ұлттық қордан - балаларға" жобасы өз жұмысын бастайды. Сол күннен бастап сіздерге тиісті ақпаратты интернет және БАҚ арқылы таратамыз", - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалардың саны - 7 миллион.

Аяз Есен


27 қазан 2023 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031