» » 2024 жылдың ақпанында 18 жасқа толғандар Ұлттық қордан ақшасын шеше алады

2024 жылдың ақпанында 18 жасқа толғандар Ұлттық қордан ақшасын шеше алады

“Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында қаражат 2024 жылы 1 ақпаннан бастап беріледі. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министр Дәурен Темірбеков 2024 жылдың ақпанында кәмелет жасына толғандар қордағы қаржысын шешіп алуына құқылы екенін айтты. 
«Қаражат 18 жасқа дейінгі барлық баланың санына қарай бөлінеді. Нәтижесінде бір балаға берілетін қаржы мөлшері анықталады. Алғашқы қаржы 2024 жылдың 1 ақпанында аударылады. 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толған баланың Ұлттық қордан ақшасын шешіп алуға мүмкіндігі бар», – деді Дәурен Темірбеков. 
Сондай-ақ,  вице-министр есепшоттағы қаржының аударлығанын бақылап отыру жолдарын түсіндіріп берді. 
«Ақша аударымын ата-аналар enpf.kz сайтында баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тексере алады. Ол жерде тек сол жылдағы қаржы мөлшері ғана көрсетіледі. Ал бірнеше жылда қанша жиналғанын egov.kz порталынан көре алады», – деді вице-министр Темірбеков.
Айта кетейік, осыған дейін 18 жасқа толған балаға ұлттық қордан 3,5 мың доллар түсетіні хабарланған. Бүгінгі күні Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,5 миллион бала бар.
26 қазан 2023 ж. 1 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930