» » МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ

МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ

Мерейімді өсірген елім,
Шекараң бар қадап қаққан.
Енші алғаның есімде менің
Оқшауланып одақтастан, Республикам!
Арындайды ғасыр ағынды,
Жыра мойнын өрге бұрып.
Жаярмысың жапырағыңды
Үкіленсе елдегі үміт – Республикам!
Көк туымның желбірегенін,
Келген деймін кемеліне.
Өрнектелген өндір өлеңім
Тартуым бұл тек өзіңе – Республикам!
Шығандаймыз неге шеткері,
Биігіміз – белесте екен.
Көркейетін келешектегі
Келбетіңді елестетем, Республикам!
Төл мереке Алашымдағы,
Жат көздерді жалт қаратқан.
Қарай берсін, қарасын бәрі
Жасқа сенім артқан Отан – Республикам!
Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
25 қазан 2023 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 129
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031