» » Торқалы 95 жылдықтың шашуы: Қармақшы ауданының 95 жылдығының қорытынды кеші өтті

Торқалы 95 жылдықтың шашуы: Қармақшы ауданының 95 жылдығының қорытынды кеші өтті


qarmaqshy-tany.kz Тоқсан бес жылдық той-думанның қорытынды шарасына аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы бастаған ауданымыздың дамуы жолында ерен еңбек етіп, өзіндік із қалыптастырған азаматтар қатысты.

Тарих бедеріндегі ауданның асқан асулары мен жеткен белестерін баяндайтын қойылыммен басталған шарада аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы еселі еңбегімен елге танылған тұлғаларға "Қармақшы ауданының Құрметті азаматы" атағын, ардагерлерге «Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жыл» мерекелік медальдерін табыстады.

Қорытынды шарада Жандос Еркінбекұлы: "Осы уақытқа дейін өңірдегі өңдіріс орындары бойынша біздің ауданымыз кенжелеп қалған болатын. Ал бүгінгі күні Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС-нің құс фабрикасы өз жұмысын қызу бастады. Фабриканың алғашқы өнімдері жыл аяғына дейін сатылымға шығатын болады. Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі «АНК-Дәулет» ЖШС-нің газоблок өндіретін шағын зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Мұнан бөлек, аудандағы сауда саласын дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жергілікті кәсіпкердің бастамасымен заманауи үлгідегі сауда орталығының құрылысы басталды. ІІІ-Интернационал ауылдық округінен жеке кәсіпкер Г.Рагибованың мал бордақылау алаңы мен сою цехының құрылысын салу жоспарлануда. Кәсіпкер қосымша ет, шұжық өңдеу цехын ашуды көздеп отыр. Жоғарыда аталған өңдіріс орындары толық жұмыс жасаған уақытта 1000-нан аса аудан тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Бұл дегеніміз жерлестеріміздің тұрмыс әлеуетінің артатынын білдіреді. Алдағы уақытта да осындай ақжолтай жаңалықтармен сіздерді қуанта береміз. Ауданның жоғары деңгейге жетуіңе атсалысып жүрген ардагер ағаларымызға, сала мамандарына, аудан халқына өз алғысым мен ризашылығымды білдіремін!"-деді өз лебізінде.

Сонымен бірге, "Алтын күз-2023" молшылық мерекесімен қатар аталып өткен мерейтойда сала үздіктері мен ауылшаруашылығы саласының озаттарына құрмет көрсетілді.

Мерекелік марапаттар легі эстрада жұлдыздары Кеңес Әлімжан мен Жандос Қаржаубайдың қатысуымен өткен Гала концертпен қорытындыланды.

Шығысында Марал Бабаны паналап, батысындағы Қорқыт бабадан даналық алған касиетті Қармақшы жұртының тойы тойға ұлассын!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 қазан 2023 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30