» » Торқалы 95 жылдың шашуы: Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай туған жер перзенттері мен ауданға еңбегі сіңген азаматтарға марапаттар табысталды

Торқалы 95 жылдың шашуы: Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай туған жер перзенттері мен ауданға еңбегі сіңген азаматтарға марапаттар табысталды


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының 95 жылдық мерейтойына Қармақшы ауданынан шығып, бүгінде еліміздің әр аймағында ел мүддесі үшін қызмет еткен ардагерлер мен қызмет етіп жүрген перзенттерге, Қармақшының құрылған уақытынан бері ауданның қарыштап дамуына сүбелі үлесін қосқан азаматтарға "Қармақшы ауданына 95 жыл" мерекелік медалі табысталды.

Марапат табыстау шарасына қатысып, жүрекжарды лебізін білдірген аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы: "Міне, бүгін ұлт руханиятынан ойып орын алатын ақындық, жыраулық өнердің алтын бесігі – қасиетті Қорқыт баба жерінде құрылғанына 95 жыл толуына орай дүбірлі той өтуде. Ғасырға жуық тарихы бар туған өлкенің өткеніне көз жүгіртер болсақ бұл топырақта ел мүддесі жолында еңбек еткен тамаша тарландардың ізі жатыр. Бүгінгі ауданымыздың қамын кеше қамдаған аға буынның ерен еңбегі мен еселі үлесі бізге үлгі, ұрпаққа ұлағат!"-деді.

Бүгінгі ауданның айтулы мерекесіне Бодықбаев Жақай, Төребаев Шәкизат, Еламанов Бекмырза, Аңсатов Сәпен, Жұмағұлов Исағали, Бекжанов Зарқұм, Салықов Нұртілеу, Байназарова Райкүл, Алмас Алматов, Наметшаев Сержан, Әбдікәрімов Шәкизада бастаған есімі елімізге танымал ерен тұлғалы азаматтар қатысып, аудан тарихындағы тағылымға толы сәттерден естеліктер айтып, тілектестігін білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 қазан 2023 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930