» » Тұрақты кеңес отырысы өтті

Тұрақты кеңес отырысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен өткен тұрақты кеңестің отырысындағы күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Аудан әкімдігінің күн тәртібіндегі негізгі мәселе бюджет қаражатының игерілуі мен ауылдық округтер мен кенттердегі дайындалып жатқан жобалардың жоба-сметалық құжаттары туралы бірқатар ауыл әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Мұнымен қоса, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылып жатқан кәсіпкерлік жобалардың жұмысы мен "Ұлттық жоба" көрсеткіштері туралы талқыланды.

Мәжілістегі көтерілген тағы да бір мәселе күзгі әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы бойынша Жұлдызхан Байназарұлы: "Әрбір адам өз Отанын қорғау, қасиетті ерліктің борышын орындауы қажеттігін түсінуі тиіс. Отанымыздың тәуелсіздігін қорғау, егемендіктің сенімді сақшысы болу әр азаматтың сана-сезімі мен адалдығына сын. Заңға сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз етудің барлық түрлерімен ең бірінші өз тарапымыздан жоғары деңгейде жұмыстануымыз керек" - деді.

Сонымен қатар, тапсырманың орындалу нәтижелері әкімдер мен бөлім басшыларының жұмыстарының жылдық қорытындысымен салыстырмалы түрде қаралатынын атап айтты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 қазан 2023 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930