» » РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚҰРАН КӘРІМ БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ

РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚҰРАН КӘРІМ БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде алғаш рет Құран кітабы басылып шығып отыр. Бұл Құран кәрім Мәдина басылымына негізделе отырып дайындалған. Оқуға қолайлы болуы үшін, әсіресе, Құран оқуды жаңа бастағандарға жеңіл болуы үшін қарапайым шрифт таңдалған.

Бұл басылымның басты ерекшелігі сол – аяттардың арабша мәтіні мен қазақша аудармасын тыңдауға мүмкіндік беретін QR-код қызметі қолданылған. Нақтырақ айтқанда, смартфонға немесе планшетке Play Market-тен немесе Apple Store-дан кез келген QR-код reader программасын жүктеп алып, өзіңіз қалаған беттегі аяттың арабша-қазақша мәтінін тыңдауыңызға болады. Сол арқылы тілге қиын соғатын тұстарының қалай дұрыс оқылатынын үйреніп, тәжуидіңізді пысықтап аласыз. Сондай-ақ, аяттардың қазақша аудармасын тыңдау арқылы, Құранды түсініп оқуға мүмкіндік табасыз.
«Құран кәрімнен бір әріп оқығанға да сауап бар. Әрбір сауап он есе болып жазылады» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) сүйіншісін ескере отырып, әрдайым Құранмен бірге мол сауапқа кенеліңіз. Қасиетті Рамазан айын құр жібермеңіз!
16 мамыр 2018 ж. 1 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728