» » Қасиетті айда қандай шаралар өтеді?

Қасиетті айда қандай шаралар өтеді?

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінінің қатысуымен өткен жиында, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың құттықтау сөзімен бастаған Өкіл имам Рамазан айының қадір қасиеті мен ораза ұстаушы адамның дәрежесіне ерекше тоқталып, медицина тұрғысынан адам денсаулығына тигізер пайдаларын баяндады. Қасиетті айда ұйымдастырылатын, дәлірек айтқанда, Құран жаттау орталығын ашу, республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, жамағатпен кездесу ұйымдастыру, жаңа үлгідегі сайт парақшасы мен мобильді қосымшасын іске қосу, қайырымдылық акцияларын өткізу және тағы басқа шаралардан хабардар етіп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндіріп, тілшілердің сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамаларын тілге тиек етіп, «Ислам және отбасы» жылы аясында атқарылатын жаңа жоспарларымен бөлісті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
16 мамыр 2018 ж. 1 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 314
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031