» » «Zhas Project» жобасына өтініштерді қабылдау басталды

«Zhas Project» жобасына өтініштерді қабылдау басталды

2023 жылдың 9 қазанынан бастап NEET санатындағы жастардан "Zhas Project" шағын грант алу байқауына өтініштер қабылдау басталады. Жоба - 18-35 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың бастамаларын қолдауға бағытталған. "Zhas Project" жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылуда.

Жобаның мақсаты-NEET санатындағы жастарды жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту. Байқауда осал топтар мен шалғайдағы ауылдық аудандардың жастарына ерекше басымдық берілетін болады.

Өтініштер 2023 жылдың 9 қазанынан 22 қазанына дейін қабылданады. Өтініштерді байқауға іріктеу 2023 жылдың 23 қазаны мен 31 қазан аралығында өтеді. 2023 жылдың 1 қарашасында байқау жеңімпаздары хабарланады. Қызылорда облысында 14 үміткерге «Zhas Project» шағын гранты – бір адамға 1 миллион теңгеге дейін беріледі. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 әлеуметтік жоба ұсына алады.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең – қатысушылардан өтініштерді қабылдау және іріктеу, екінші кезең – кәсіпкерлік дағдыларға оқыту, тәлімгерлік қолдау, жобаларды іске асыру, ілгерілету және дамыту бойынша кеңес алу, үшінші кезең – «Zhas Project» кәсіпкерлік апталығын өткізу.

«Zhas Project» қатысушыларына арналған критерийлер:
• Қазақстан Республикасының азаматы болу;
• жасы - өтініш беру кезінде 18 жастан 35 жасқа дейін; егер өтініш беруші өтініш берген кезде 35 жасқа толып кеткен болса, онда ол байқауға қатыса алмайды;
• өтініш берген кезде облыста тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы;
• Өтініш беру кезінде өтініш беруші уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінде болуы керек.
Уақытша жұмыссыз жастарға мыналар жатады:
• тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар;
• үй шаруасымен айналысатын жастар;
• мүмкіндігі шектеулі жастар;
• жұмыс істемейтін немесе күндізгі бөлімде оқымайтын 18-35 жас аралығындағы басқа адамдар.

Байқауға қатысу үшін өтініш беруші барлық қажетті сауалнама деректерін және жобалық өтініш нысанын толтыра отырып, ақпараттық ресурста тіркелуі тиіс. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтініштер байқау комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі. Байқау комиссиясы сыртқы сарапшылардан тұрады және бағалау критерийлеріне сәйкес жобаларды таңдайды. Байқау комиссиясының құрамында жастар саясаты, ішкі саясат, қоғамдық даму мәселелері жөніндегі басқармалардың, жастар ресурстық орталықтарының және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болуы тиіс.

https://www.zhaspro.kz сайтында өтініш қалдыруға,сондай-ақ жоба туралы толық ақпарат алуға болады
«Zhas Project» жобасын іске асыру кезеңдері БАҚ-та және @zhasproject_akx_kzo instagram парақшасында жарияланатын болады
Жобаның байланыс орталығы:
Әлібек Әкімбек Мұратбекұлы +7 747 121 82 31 (Қызылорда облысы)
09 қазан 2023 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031