» » Ғарыш ғасыры басталған күн

Ғарыш ғасыры басталған күн

Бүкіл адамзат жыл сайын 4 қазан күнін ерекше атап өтеді. Себебі, 1957 жылы дәл осы күні қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыштық дәуірдің басталуына даңғыл жол ашылды. Жерден ғарышқа төрт антеннасы бар кішкентай жылтыр шар ұшырылды. Жер серігінің ұшуын бүкіл әлем көрді. Осыдан бастап ғарыш дәуірінің басталуы адамзат үшін жоғары терезені ашып, кең және зерттелмеген кеңістіктерге көз тікті.

Биыл жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылғанына және адамзаттың ғарыштық ғасырының басталғанына – 66 жыл. Атаулы датаға орай Байқоңыр қаласындағы мәдениет үйінде іс-шара өтті. Мерекелік жиында Байқоңыр қаласы әкімдігінің басшысы Константин Бусыгин және аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы байқоңырлық тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Ғарышқа жер серігі ұшырылған күннен бастап Байқоңыр бүкіл әлемге танымал болды. Біз еліміздің әлемдік космонавтиканың дамуына тікелей қатысы бар екенімен мақтанамыз. Қазіргі таңда ғарыш қызметі еліміздегі геосаяси-экономика және ғылыми практикалық мүдделердің саласы. Ғарышты игеру – байланыс пен теле хабар және көптеген басқа салалардан жаңа міндеттерді шешу мүмкіндіктерін ашты. Қос Мемлекет басшыларының қолдауының арқасында Байқоңыр ғарыш айлағы әлемдік ғарыш индустриясын дамытудың алдыңғы қатарында, ғылыми-техникалық дамудың символы, өзара тиімді әріптестіктің айғағы болып табылады. Ғарышты игеруге атсалысып жүрген мамандар мен қызметкерлерді айтулы күнмен құттықтаймын, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң іс-шарада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Байқоңыр қаласының көпбалалы аналары «Алтын» және «Күміс» алқамен марапатталса, одан кейін қос тараптың басшысы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарына салтанатты түрде жеке куәлік пен паспорт табыстады.

Мерекелік кештің соңы Байқоңыр қаласының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты.

Ерсін ӘЛІБАЙ
07 қазан 2023 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930