» » ІІІ Интернационалдық ардагерлер «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы мұражайда болды

ІІІ Интернационалдық ардагерлер «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы мұражайда болды


qarmaqshy-tany.kz Үлкендерге құрмет көрсету қазақ халқының мәдениеттілігі мен тәрбиелігін сипаттайтын қасиет. Сондықтан халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз қалыптасқан.

1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне орай ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл ардагерлері «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы мұражайда экскурсиялық сапарда болды. Қазыналы қарттар «Буран» орбиталық кемесінің макетін тамашалап,
тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагарин мен атақты конструктор С.П.Королевтің мұражай үйлеріндегі бай тарихи-мәдени экспозицияларымен танысты.

Экскурсияда мұражай қызметкерлері ардагерлерге ғарыш алаңының құрылу тарихымен, ғарышқа жол салған көрнекті ғалымдар мен ғарышкерлер туралы сондай ақ, "Союз", "Протон", "Зенит" зымыран-тасығыштарының макеттерімен және ғарышкерлер бортында пайдаланатын дәрігерлік-биологиялық қорғау тәсілдері, ғарыш тағамдарының үлгілері орбитадағы өмірге арналған басқа да заттармен таныстырды.

Сапар соңында Төретам кентінің "Ерке" мейрамханасында ардагерлерге арнайы дастархан жайылды. Қазыналы қарттарды Төретам кентінің әкімі Ғ.Тәжмағамбетұлы арнайы келіп құттықтап, өзінің жылы лебізін білдіріп, сый-сияпат жасаса, өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

03 қазан 2023 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 824
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 513

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930