» » Сырдан Елордаға тарту

Сырдан Елордаға тарту

Кеше Астанада Қызылорда облысы Елордаға сыйлық ретінде салған ашық аспан аясындағы ғарыш музейі – ракета-ғарыш техникасы экспозициясының таныстырылымы өтті. Жаңа музейдің таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
- Тапсырмам бойынша француз тарапымен бірлесіп, жасанды жер серігін құрастыратын зауытты іске қостық. Жуырда өзіміздің жер серіктерімізді құрастыруға кірісеміз. Бізде зымыран ұшыратын құрылғы бар, 2022 жылға қарай «Зенит» зымыраны дайын болады. Осылайша, ғарыш өнеркәсібіміз жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп, Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев
Астананың сол жағалау бөлігінде орналасқан жалпы аумағы 1,4 га жер учаскесінде шынайы өлшемде жасалған «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран-тасығыштары орнатылды, жақын арада «Буран» орбитааралық кемесінің макеті қойылады, экспозиция маңындағы аймақ абаттандырылды. Сондай-ақ, кешен аумағында зымырандардың техникалық сипаттамасы, жасалуы және пайдалану тарихы туралы барлық мәліметтер көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер қойылды.
Макеттер туралы айтар болсақ, «Союз» зымыран-тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағы пайда болуының негізгі себебі – «Королевтің жетілігі» деп аталып кеткен Р-7 жинақтамасының ең танымал зымыраны.
«Протон» - автоматты ғарыш аппараттарын Жер шарының орбитасы мен әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған ауыр санатты біржолғы зымыран-тасығыш. Геостационарлық орбитаға салмағы 3,3 тоннаға дейін жүктерді шығаруға қауқары бар. «Протон» зымыран-тасығышы барлық кеңестік және ресейлік орбиталық станция мен «Мир» станциясының модульдері және халықаралық ғарыш станцияларын шығару құралы болып табылады. Сондай-ақ, «Протон» зымыран тасығышының көмегімен «Глонасс» жерсеріктік жүйе кеңейтіліп, «Экспресс» сериялы жерсеріктер ұшырылады. Бірқатар көрсеткіш бойынша, оның ішінде ұшырылымның бағасы, орбитаға шығарылатын пайдалы жүк және оның килограммының құны бойынша «Протон» әлемдегі ең табысты зымыран.
«Зенит» - негізгі орта санатты екі сатылы зымыран-тасығыш. Алғашқы ұшырылымы 1985 ж. 13 сәуір күні жүзеге асырылды. «Зенит» толығымен автоматтандырылған және ұшырылым құралында персоналдың болуын қажет етпейтін алғашқы әрі жалғыз әмбебап кешен. Бұл зымыранды тіпті 80-90 жж. «21 ғасырдың ракетасы» деп атайтын.
«Зенит» ұшырылым кешенінің негізінде «Бәйтерек» ресей-қазақстандық бірлескен жоба жүзеге асырылатын болады деп жоспарлануда.
«Буран» - «Энергия-Буран» бағдарламасының аясында жасап шығарылған көп мәртелік орбитальді ғарыш кемесі. «Энергия-Буран» халықаралық ғарыш станциясын жасау Кеңес дәуіріндегі ең ауқымды бағдарлама болатын. 18 жыл ішінде ғарыш станциясын 86 министрлік пен ведомство жанындағы 1286 кәсіпорынның миллионнан астам қызметкері әзірледі, мемлекеттің ең ірі ғылыми-өндірістік орталықтары осы жұмысқа тартылған. «Буран» космопланын қондыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында күшейтілген ұшырылу-қону жолағы бар «Юбилейный» аэродромы арнайы салынды.
Атап өтейік, жобаны жүзеге асырудың екінші кезегінде қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі музей мен планетарийдің құрылысын салуды жоспарлап отыр.
03 шілде 2018 ж. 1 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 189

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 306

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930