» » ҚЫЗЫЛОРДАДАН АСТАНАҒА: АШЫҚ АСПАН АЯСЫНДАҒЫ ҒАРЫШ МУЗЕЙІ

ҚЫЗЫЛОРДАДАН АСТАНАҒА: АШЫҚ АСПАН АЯСЫНДАҒЫ ҒАРЫШ МУЗЕЙІ

Бүгін Астанада Қызылорда облысы Елордаға сыйлық ретінде салған ашық аспан аясындағы ғарыш музейі – ракета-ғарыш техникасы экспозициясының таныстырылымы өтті.

Жаңа музейдің таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Астананың сол жағалау бөлігінде орналасқан жалпы аумағы 1,4 га жер учаскесінде шынайы өлшемде жасалған «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран-тасығыштары орнатылды, жақын арада «Буран» орбитааралық кемесінің макеті қойылады, экспозиция маңындағы аймақ абаттандырылды. Сондай-ақ, кешен аумағында зымырандардың техникалық сипаттамасы, жасалуы және пайдалану тарихы туралы барлық мәліметтер көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер қойылды.
Макеттер туралы айтар болсақ, «Союз» зымыран-тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағы пайда болуының негізгі себебі – «Королевтің жетілігі» деп аталып кеткен Р-7 жинақтамасының ең танымал зымыраны.
«Протон» - автоматты ғарыш аппараттарын Жер шарының орбитасы мен әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған ауыр санатты біржолғы зымыран-тасығыш. Геостационарлық орбитаға салмағы 3,3 тоннаға дейін жүктерді шығаруға қауқары бар. «Протон» зымыран-тасығышы барлық кеңестік және ресейлік орбиталық станция мен «Мир» станциясының модульдері және халықаралық ғарыш станцияларын шығару құралы болып табылады. Сондай-ақ, «Протон» зымыран тасығышының көмегімен «Глонасс» жерсеріктік жүйе кеңейтіліп, «Экспресс» сериялы жерсеріктер ұшырылады. Бірқатар көрсеткіш бойынша, оның ішінде ұшырылымның бағасы, орбитаға шығарылатын пайдалы жүк және оның килограммының құны бойынша «Протон» әлемдегі ең табысты зымыран.
«Зенит» - негізгі орта санатты екі сатылы зымыран-тасығыш. Алғашқы ұшырылымы 1985 ж. 13 сәуір күні жүзеге асырылды. «Зенит» толығымен автоматтандырылған және ұшырылым құралында персоналдың болуын қажет етпейтін алғашқы әрі жалғыз әмбебап кешен. Бұл зымыранды тіпті 80-90 жж. «21 ғасырдың ракетасы» деп атайтын.
«Зенит» ұшырылым кешенінің негізінде «Бәйтерек» ресей-қазақстандық бірлескен жоба жүзеге асырылатын болады деп жоспарлануда.
«Буран» - «Энергия-Буран» бағдарламасының аясында жасап шығарылған көп мәртелік орбитальді ғарыш кемесі. «Энергия-Буран» халықаралық ғарыш станциясын жасау Кеңес дәуіріндегі ең ауқымды бағдарлама болатын. 18 жыл ішінде ғарыш станциясын 86 министрлік пен ведомство жанындағы 1286 кәсіпорынның миллионнан астам қызметкері әзірледі, мемлекеттің ең ірі ғылыми-өндірістік орталықтары осы жұмысқа тартылған. «Буран» космопланын қондыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында күшейтілген ұшырылу-қону жолағы бар «Юбилейный» аэродромы арнайы салынды.
Атап өтейік, жобаны жүзеге асырудың екінші кезегінде қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі музей мен планетарийдің құрылысын салуды жоспарлап отыр.                     
02 шілде 2018 ж. 1 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031