» » Ағамызға арқа сүйедік

Ағамызға арқа сүйедік

qarmaqshy-tany.kz Танымал тұлға, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, КСРО және Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, ақын, сатирик, жырау, айтыскер, бірнеше кітаптың авторы, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Қали Шыңғысовтың ауданға, облысқа, республикаға сіңірген еңбегі орасан зор.

Мен ағамызды сонау 1990 жылдары аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы қызметін атқарған кезімнен бастап танып, ауданның әлеуметтікэкономикалық даму жолында қойын-қолтық бірлесе жұмыс жасап, шынайы өмірде кездесетін сан түрлі ситуациялармен бетпе-бет келгенде ағамыздың ақыл-кеңесіне жүгініп, бағыт-бағдар сұрайтынбыз.
Ол туралы мына бір естелік ойыма түсіп отыр. Облыстан келген тапсырмаға сәйкес Бодан қорымына қоршау, тазалау жұмыстарын жүргізе бастадық. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, сол қорымның кіреберісіне «Бисмилләһир-рахмәәнир-рахиим» деп арабша жазу жаздырып, ілдіргім келіп арабша жақсы білетін сауатты адам іздедім. 1990-жылдары араб әліпбиін білетін адамдар біренсаран еді. Сұрастыра келе қазақ тілін жетік меңгерген Қали ағамыздың араб әліпбиін де жақсы білетінін естіп, ағамызға арнайы барып, «Бисмилләһир-рахмәәнир-рахиим» деп арабша жазу жаздырып алдым. Сол жазуды қорымның кіреберіс маңдайшасына ілдірттім. Алла ризалығына сай жақсылықтарға лайық сауапты істер атқарған Қали ағамыз Алланың шексіз мейірім шапағатына бөленіп жатса керек-ті.
«Өлді ме адам?
Өлген жоқ. Келіп кетті!
Топыраққа мәңгілік еніп кетті.
Өлді ме адам?
Жоқ, ол тек тоқырады.
Өткен жолы өрнек боп тоқылады.
Бірге бізбен!
Бірақ та бөліп тұрған,
Туған жердің киелі топырағы» деп Қали ағамыздың өзі айтқандай, саналы ғұмырын қоғамның дамуына арнаған ардақты азамат Қали Шыңғысовтың есімі өскелең ұрпақтың есінде мәңгі сақтала бермек.
Әнуар ДӘУЛЕНБАЕВ,
Қармақшы ауданының құрметті азаматы,
Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан
құрылған қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы
30 қыркүйек 2023 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 215

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 323

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930