» » Облыстық жайдарман сайысы өтті

Облыстық жайдарман сайысы өтті


Қызылорда облысының 85 жылдығына орай ағымдағы жылдың сәуір айында бастау алған облыстық «Жайдарман» сайысының финалдық кезеңі өтті.
Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық аудан орталықтарында өткен іріктеу кезеңдеріне жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған 70 команда қатысып, үздік деп танылған 10 команда финалдық кезеңде бақтарын сынады.
Әділқазылар алқасының шешімімен «Мәншүк құрамасы» (Қызылорда қаласы) - І орын, «Заңғар құрамасы» (Жаңақорған ауданы) - ІІ орын, «Шиелі жастар құрамасы» - ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлық сертификаттары табысталды.
Сондай-ақ, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттауға қосқан үлестері үшін барлық қатысушы командалар Қызылорда облысы әкімдігінің Алғысымен марапатталды.
Айта кету керек, аймақта мемлекеттік тілдегі «Жайдарман» қозғалысын дамыту бағытында тұрақты түрде шаралар қабылданып келеді.
Қызылорда облысына қарасты барлық 7 аудан орталығы мен Байқоңыр қаласында арнайы жайдарман лигалары құрылып, тұрақты түрде жергілікті деңгейдегі сайыстары өтіп келеді.
Аталған лигалар құрамында студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған 25 команда, аудан мен ауылдардағы шығармашыл жастардан құралған 60 команда бар. Командалар құрамында 1000-нан астам жастар өнер көрсетуде.
Сыр елінің өнерлі жастарының бағындырар белестері көп болсын!

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі


27 қыркүйек 2023 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

01 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 163
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031