» » Байқоңырда «Жайдарман» лигасы құрылды

Байқоңырда «Жайдарман» лигасы құрылды

Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан Байқоңыр қаласының жастарын әлеуметтендіру, оның ішінде: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде.Осы мақсатта облыс әкімі мен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының арасында «Байқоңыр қаласының жастарын қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын.

Жоспар аясында жергілікті жастарды мәдени-көпшілік, спорттық, патриоттық шараларға тарту және республикалық, облыстық тынығу лагерлеріне Ресей Федерациясы азаматтығы бар жастарға жолдама беру секілді ауқымды шаралар қамтылды.

Бүгін жоспарға сәйкес Байқоңыр қаласының шығармашыл жастарын қолдау мақсатында қалалық «Жайдарман» лигасы құрылды. Сондай-ақ, қалалық «Жайдарман фестивалі» ұйымдастырылып, үздіктер қатарынан көрінген командаларға облыстық кезеңге жолдама табысталды. Аталған лига құрамына Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай елдімекендерінің жастарынан құралған 10 команда тіркеліп отыр.
19 қыркүйек 2023 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 828
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 515

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930