Байқоңыр — жастар қаласы
qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласының өсіпөркендеуіне сүбелі үлесін қосып, қала тұрғындары арасында өзіндік орнын сайлап алған қоғамдық ұйымның бірі – Байқоңыр қалалық жастар ресурстық орталығы.
Ресми деректерге сүйенсек, қалада 39486 қазақстандық тұрғынның 35-ке дейінгісі 13034 жас екен. Сонымен қатар, қала бойынша бүгінгі күні 89 қазақстандық жас кәсіпкер өздерінің кәсібі арқылы нәсібін тауып отыр.
Былтыр маусымдық кезеңде «Жасыл ел» еңбек жасағына 150 жас уақытша жұмыспен қамтылса, биыл 170 жас жұмыспен қамтылды.
Ал Ресей Федерациясы мемлекетіне қарасты «Восход» Мәскеу авиациалық институтында – 178, «БЭРТТ» радиотехникалық және «Байқоңыр» индустриалды техникумдарында – 508, сонымен бірге академик С.Жиенқұлов атындағы «Байқоңыр» жоғары колледжінде – 293 студент жанжақты білім алуда.
Байқоңыр қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 6 бағыт бойынша облыстық жастар ресурстық орталығының Байқоңыр қалалық бөлімімен тиісті жұмыстар атқарылып келеді.
Оның ішінде, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, өмірлік қажетті дағдылар бойынша жұмыстар жүргізу, қолжетімді және сапалы білім, кәсіби бағдар беру, жастарды еңбекке ынталандыру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік қызметті дамыту, құқықтық деңгейін арттыру, қылмыс, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, спорт, өнер, ғылымға баулу және медиа ресурстарын дамыту.
Сонымен қатар, Ресей мен Қазақстан мемлекетаралық келісімдерді нығайту, жастар саясаты мәселелері бойынша өзара ісқимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында «20222025 жылдары Байқоңыр жастарына арналған кешенді ісшаралар жоспары» бекітілген, екі тарап арасындағы жұмыстар нақтыланып, ол жоспар өз деңгейінде жүргізілуде.
Осы ретте, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Индира Қабатованы сөзге тарттық. – Байқоңыр Жастар ресурстық орталығы – қаламыздың дамуына сүбелі үлесін қосып келе жатқан мекеменің бірі. Оның ішінде, қала жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың қалада өтіп жатқан қоғамдық жұмысқа көптеп араласуына ықпал жасауда әсері мол. Атап айтар болсақ, осыдан екіүш жыл бұрын әлемді шарпыған коронавирус сырқатына қарсы күресте қала жастары үлкен қолдау көрсетті. Волонтерлық арқылы жалғызбасты қарттарға дәрідәрмек, азықтүлік тасып, олардың жүріптұруына көп көмектесті. Одан бөлек, қала жастары арасында түрлі спорттық ойындар өткізіліп, бұқаралық спорттың дамуына серпін беруде. Қаланың спорт, өнер, ғылым саласындағы жастарымыз да өздерінің жетістіктерімен қаламыздың өркендеуіне үлестерін қосып, мерейлері үстем болды. Орталықтың ұйымдастыруымен ерікті жастарды қатыстыру арқылы қала тазалығын сақтауда республикалық «Таза Қазақстан», «Тазалық – табалдырықтан басталады» атты тазалық акциясын ұйымдастырды. Сондай-ақ, қала жастарының қатысуымен үстел теннисінен жарыс, Абай күніне байланысты түрлі ісшара өткізіп, ақын өлеңдері мен өсиеттерін қала жастары арасында насихаттады. Қорқыт ата кешеніне, қалалық мұражай мен басқа да тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырылып, ондағы құнды жәдігерлермен таныстырылды. Ресей Федерациясы жастарымен бірлесіп, спорттық спартакиада, өнер фестивальдерін өткізіп, екі мемлекет жастары арасында ынтымақтастықты арттыруда үлкен еңбек сіңіріп келеді, – дейді Байқоңыр қаласы жастарының көшбасшысы.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ