Ел алдындағы есеп
Ел Президенті тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақжар ауылындағы халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Алдымен аудан басшысы есепті мерзімде қолға алынған жұмыстарға шолу жасады.
2000 мыңнан астам халқы бар Ақжар ауылына дәрігерлік амбулатория салуға қаржы бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Ауылдағы Ж.Жабаев, А. Құнанбаев көшелеріне орташа жөндеу, елді мекендегі электр желілерін жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейту жұмыстарына, балалар ойын және спорт алаңын орнатуға аудан бюджетінен қаржы бөлінді.
Жандос Еркінбектің әр тоқсан сайынғы тұрғындармен есепті кездесуі Ақтөбе ауылында жалғасты. Онда аудан басшысы соңғы 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Ақтөбе ауылдық округі бойынша 2023 жылға 10 жоба нақтыланып, бюджет есебінен қаржы бөлінген болатын. Мұнымен бірге ауылдағы Т.Салқынбайұлы көшесін орташа жөндеу, Балжарма каналы маңындағы Мүсірбаев көшесінен №3-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Б.Қасқырбаев, Мүсірбаев, Сейтенов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу, балалар ойын алаңын абаттандыру, Ы. Алтинсарин, Н. Сералиев, Кеңсе, А. Иманов көшелерінің құжаттамаларын жасату жұмыстары қаржыландырылды.
Сонымен қатар, ауылдағы көше жарықтары қуатына қаржы төлеу, электр тауарларын сатып алу, техникалық қызмет көрсету, көшеге жарық шамдарын орнату, ауылға кіре беріс жолдың сол жақ бетіндегі баудың, Сексенбаев атындағы саябақтың қоршауын және Сералиев көшесі бойындағы жарық шам бағаналарын қайта қалпына келтіруге, Әкімшілік ғимаратын жөндеу, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз ету, бильбордтар орналастыру мен көркейту-көгалдандыру жұмыстарына бюджеттен қосымша қаржы қарастырылған.
Ауылдарға сапары барысында аудан басшысы құрылысы жүріп жатқан және пайдалануға берілетін нысандардың жай-күйімен танысты.
️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі