Аудан әкімінің есебі Қармақшы ауылдық округінде жалғасты
Аудан әкімінің есебі бүгін түс ауа Қармақшы ауылдық округі халқымен еркін форматта өрбіді. Ауылдың тарихынан сыр шерткен Абыла Жел-диірменінің жанына жиылған ауыл халқына атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан басшысы 2023 жылдың 8 айының қорытындысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық макрокөрсеткіштерінің оң динамикасына қол жеткізілгенін, оның ауданның экономикалық өсімін алдағы уақытта 100 пайыздық деңгейге дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін айтып, басты бағыттарды бағамдады. Қазіргі таңда ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өткен Жандос Еркінбекұлы Қармақшы ауылындағы ілкімді істерді атап өтті.
Қармақшы ауылдық округі бойынша 2023 жылға 11 жоба қолға алынып, оның ішінде ҚР Ұлттық қорынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдағы № 13 "Балбөбек" бөбекжайы КМҚК қазандық ғимаратының құрылысына, облыстық бюджеттен Қармақшы елді мекеніндегі су құбыры ғимараттарын қайта жаңғырту және Қызылтам елдімекенінің Сарыжылуан көшесінен №9-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарына қаржы қарастырылды. Аудандық бюджеттен елді мекеннің электр желілерін жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейту жобасына, Қармақшы ауылдық округіндегі Абай, Сейфуллин, Жеңіс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын дайындауға, Қармақшы ауылындағы Желдиірмен ескерткішін жөндеуге, Қызылтам елді мекеніне балалар ойын алаңын салуға, Қармақшы ауылының кіре беріс көшесін көгалдандыруға қаражат бөлініп, алдағы уақытта аталмыш жұмыстар толықтай орындалатын болады,- деді аудан әкімі.
Аудан басшысы төртінші деңгейлі бюджет есебінен елді мекенді көгалдандыру мақсатында Қызылтам елді мекеніне паспорт орнату, Жамбыл көшесінің бойын абаттандыру жұмыстарын жасауға қаржы бөлінгендігін жеткізді.
Міне, осындай ауқымды істер ортаға салынған жиында тұрғындар ерекше белсенділік көрсетіп, әлі де атқарылатын баянды жұмыстарды атап айтып, тұрғын үй, жер мәселесіне байланысты ойын ортаға салды. Ауылдың тыныс-тіршілігін толықтай қамтыған жиында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында қолға алынған жұмыстар да қамтылды. Осылайша ауыл халқының қарқыны ертеңгі күнге деген сенімдерінің беріктігімен айқындалды.
©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі