» » Даму арқылы әлеует артады

Даму арқылы әлеует артады

Жуырда аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтіп, оны партияның аудандық филиал төрағасы Әділ Қошалақов жүргізді.

Онда 2 мәселе қаралып талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының осы жылдың 1 қыркүйегінде қазақстандықтарға арнап  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жариялаған  Жолдауын талқылауға байланысты «AMANAT» партиясы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Бақытжан Нысанбаев, партияның аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Сәрсенкүл Жаудатбекқызы, партия ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков хабарлама жасады. Онда олар Саяси кеңес мүшелері, білім саласы және аппарат қызметкерлері алдында өз ойларын ортаға салып, Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелерге жан-жақты талқылаулар жүргізді.

Екінші мәселе бойынша сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бөлім тарапынан атқарылған жұмыстарға есеп берді.

– Жоба шеңберінде осы жылдың 25 шілдесінде әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мониторинг жүргізу айлығы барысында арнайы құрылған Қоғамдық бақылау жұмыс тобымен аудандағы қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілуі тиіс 32 әлеуметтік нысанға мониторинг жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді жоюға түсіндірме жасалды, – деді ол хабарламасында.
Отырысқа «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Дастан Буханов қатысты.

С.РАЙЫМБАЕВА
12 қыркүйек 2023 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930