» » Жолдау – фракция отырысында талқыланды

Жолдау – фракция отырысында талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы фракция мүшелері Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын талқылау мақсатында отырысы өтті. Сонымен қатар күн тәртібінде қосымша 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда: 1. "Кедергісіз келешек" жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының есебін тыңдау 2. Мектеп асханасында ыстық тамақты тегін ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Отырыста Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған ауқымды саяси реформалар бағдарламалары мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың негізгі аспектілері жайында сөз қозғалды.

«Білім күнімен қатар келген Мемлекет басшысының Жолдауында нақты тапсырмалар мен міндеттер айтылды. Еліміздің болашақтағы бағдары нақтыланды. Президент халықтың шешімі табылмай жүрген мәселелерін атап өтті. Бұл Жолдау әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының сапалы, саналы өсуін қамтамасыз етеді деп ойлаймын»-деді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әділ Үсенұлы.

Жиын барысында фракция мүшелері еліміздегі саяси өзгерістердің жүзеге асуына үлес қосатындығын, Жолдау жүктеген міндеттер мен мақсаттардың өз дәрежесінде орындалуына атсалысатындықтарын жеткізді.
08 қыркүйек 2023 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031