Депутаттық фракция отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлының төрағалығымен фракция отырысы болып өтті. Фракция отырысына аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Депутаттық фракция отырысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы жобасын талқылау.
2. Жол картасының нақты индикаторларының орындалуы бойынша жауапты аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерін бекіту туралы.
3. Қармақшы аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасарын сайлау туралы.
4. Қармақшы аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Фракция отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ниматулла Жанар Абайқызы хабарлама жасап, жол картасының жобасы талқыланды. Аудандық партия филиалының Саяси кеңесі Бюро отырысына бекітуге ұсынылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жол картасының нақты индикаторларының орындалуы бойынша жауапты аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері бірауыздан бекітілді.
Ал, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қармақшы аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Буханов Дастан Әбдібекұлы сөз сөйлеп, Қармақшы аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасарлығына Скендіров Айдынбек Айтбайұлын ұсынды және фракция мүшелері түгелдей қолдап, дауыс берді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе Қармақшы аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.