» » «Күміс жас» жобасы: Елімізде 13 мың жуық адам жұмыспен қамтылды

«Күміс жас» жобасы: Елімізде 13 мың жуық адам жұмыспен қамтылды


Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мың адам қатысты. Оның ішінде 345,7 мың адам жұмысқа орналасты.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 163,8 мың адам қамтылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 16,1 мың адам, жастар практикасымен 19,3 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 108,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 6,7 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 326 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 12,9 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 37,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 34,1 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 110,8 мың адам қамтылды. Оның ішінде 82,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 87,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 5317 грант берілді.


11 қыркүйек 2023 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 714
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031