» » Тазалық күн тәртібінен түспейді

Тазалық күн тәртібінен түспейді

Кез келген адам өзі өмір сүріп жатқан ортасының әрдайым таза болғанын қалайды. Себебі «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұстаным кімнің де болсын санасында қалыптасқан. Адам өзінің жан дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді қоршаған ортасын да ұқыпты ұстауы үлгілі істің көрінісі болып табылады.

Қоңыр күз келді дегенше еліміздің барлық аймағында санитарлық-тазалықтың екінші маусымы басталатыны белгілі. Республикалық сенбілік акциялары аясында аймақ басшысы бұл турасында нақты тапсырмалар берген-ді. Осыған орай өткен аптада ауданда сенбілік жұмыстары басталды. Оған ауданға қарасты кент, ауылдық округтегі мекеме қызметкерлері қатысып, өздеріне белгіленген көшелер мен әлеуметтік нысан айналасын қоқыстан тазартты.

Дана халқымыз «Тазалық — табалдырықтан басталады» дейді. Ауланы ретке келтіріп ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Содан болар  көктем мен күз мезгілдерінде ел-жұрт сенбілікке  шығуды дәстүрге айналдырған. Қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуда.  Алайда өз үйінің ішкі ауласының жинақылығымен шектеліп, сыртқы тазалығына бейжай қарайтындар бар. Қоқысты көшеге лақтырып, сенбілікке шыққандар жинап алады дейтін кей тұрғындардың іс-әрекетін де көріп жүрміз. Оларға қарап кент көшелерінің тазалығы, есік алдының таза тұруы тұрғындарға ортақ іс екені санасына сіңбегені ме деген ой келеді.

Енді мұндай көрініске әкімшіліктен ескерту мен қатаң шара көрілмек. Алдағы уақытта аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандары, аудандық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі мүшелерінен тұратын комиссия жасақталып, рейдтік жұмыстар жүргізілетін болады.

Биыл ауданымыздың 95 жылдығы аталып өтпек. Мерейлі мерекеге сырттан мейман көп келетіні айтпаса да белгілі. Туған өлкемізді қоқыстан арылтып, таза тұруына әрекет жасайық. Ортақ үйіміздің тазалығын сақтау – ортақ міндет екенін естен шығармайық.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
06 қыркүйек 2023 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930