Білім күні — үлкен үміт күні
qarmaqshy-tany.kz Бір күннен соң бірінші қыркүйек... Сары күздің ең алғашқы күнінде мектептердің есігі миллиондаған оқушылар үшін айқара ашылмақ. Біреулер үшін кезекті оқу жылының басталуы болса, енді бірінің тұла бойы тұңғышының мектеп қабырғасын аттап, жаңа бір белеске қадам басуы.
1 қыркүйек біздің еліміз ғана емес, көптеген мемлекет үшін маңызы зор мереке, яғни Білім күні. Бұл – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады. Білім күні – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғашқы сабақ, әлем сабағы. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар мен олардың атаанасы үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн.
Қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар мен жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралады. Бұл күні таңертеңмен қолдарына шоқшоқ гүлдерін алып, мектепке асыққан кіпкішкентай бүлдіршіндерді көрудің өзі бір ғанибет.
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабыр ғасын, колледж және жо ғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипатталса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері табалдырық аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Бұл күн, әсіресе, 1сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Мектеп табал дырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖООға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді бірнеше рет бастан кешіп отырған атааналар. Не десек те, бұл күн соңғы қоңырау секілді баршамызға ыстық екені анық.
Ал дәл осы мерекенің неге бірінші қыркүйекте өтетіндігін ойланып көрдіңіз бе? Аталған күннің шығу тарихын іздегіміз келсе, біздің ІV ғасырларға сапар шегуімізге тура келеді. Себебі 325 жылы атақты Рим императоры Константин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, бірінші қыркүйек күні Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады. Алайда қаулы бірден өз күшіне еніп кете алған жоқ. Ресейде және басқа да мемлекеттерде Жаңа жыл наурызсәуір айларында атап өтіліп жүрді. Жүздеген жылдарды араға салғаннан кейін, 1492 жылы ІІІ Иоаннаның бұйрығымен Жаңа жылды тойлау дәстүрі бірінші қыркүйекке ауыстырылады.
Бұл жылдары мектептер шіркеу қабырғаларында орналасатын. Осы себепті оқу жылының басталуы Жаңа жылмен бірдей етіп белгіленеді. Айтпақшы, бұл күні Жаңа жыл, Білім күні мерекелері ғана емес, салық жиналатын күн болған. Дәл осы күні патшалықтың мұрагерін таныстыру шаралары өткізіліп, «Дәндер» күні де атап өтіледі екен. Дәстүр бойынша, мерекеде адамдар өз аулаларындағы ағаштарға ленталар байлап, шырақтармен, моншақтармен безендірген. Иоаннаның жарлығынан кейін кыркүйектік «жылбасы» жалғаса берген болатын, тек 1699 жылы еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа жылды тойлау бірінші қаңтарға ауыс тырылды. Бір қызығы, дәл осы жыл – төрт айға ғана созылған екен (1 қыркүйек – 1 қаңтар). Неге оқу жылының басталу күні өзгертілмеді? Өйткені, жылдың төрт айға созылуына рұқсат берілсе де, оқушылардың білім алуына кедергі келтіруге болмайтын еді. Олай болған жағдайда, балалар бір сыныпты төрт айда аяқтап тастаулары керек болатын. Ал бұл мүмкін емес. Бір жағынан климаттың да әсері болғанға ұқсайды, өйткені оқушыларға күздің қара суық күндеріне қарағанда жаздың жаймашуақ күндерінде демалған әлдеқайда ыңғайлы еді. Ал 1984 жылдан бастап «Білім күні» күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.
Түйін. Абай атамыз «Адамның көңілі шын мейірленсе, білімғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Қазір білекке емес, білімге сенетін заман. Жарқын естелікке, ерекше көңіл-күй мен әсерге толы жаңа оқу жылы жетістіктері мол жыл болғай.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА