» » Құрмет пен тағзым

Құрмет пен тағзым


qarmaqshy-tany.kz 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай алапат күштің зардабын шегіп дүниеден озған азаматтардың рухына құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Өткен ғасырдағы адамзат баласының басынан кешкен бұл зұлмат – ұлттың болашағына орасан зор әсерін тигізді. Атаулы күнді атап өту шарасына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы:
"Семей ядролық сынағы халқымыздың орасан зор зардап шеккен оқиғасы болып тарихта таңбаланды. Қаралы күндерді ешкім, ешқашан ұмытпақ емес. Оның әсерін халқымыз әлі күнге дейін тартуда. Еліміз ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан елдердің қатарында болды. Бұл қадамды әлем елдері түгелдей қолдады. Семей ядролық апатын жоюда жігерлік танытқан барша жерлестеріміздің ерлігіне тағзым ету бүгінгі біздің борышымыз",- деді.

Мұнан әрі шара Семей полигонында әскери қызметте болған, сол бір ауыр күндердің куәгерлеріне аудан әкімінің "Алғыс" хаттарын табыстаумен жалғасып, ядролық полигон зардабынан қаза болған азаматтардың отбасыларына сыйлықтар табыстады.

Одан соң, аудандық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әділ Үсенұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Ермағанбетұлы ізгі лебіздерін білдіріп, бірқатар ардагерлерді марапаттады.

Жиын соңында Қармақшы аудандық «Невада-Семей» ардагерлері кеңесінің төрағасы Болат Сағымбаев сөз алып, ардагерлер атынан ризашылықтарын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

инст

30 тамыз 2023 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930