» » Парламент Мәжілісінің депутаттары іс-сапармен келді

Парламент Мәжілісінің депутаттары іс-сапармен келді

qarmaqshy-tany.kz Аманаттық депутаттардың өңір тұрғындармен жүздесуі жалғасып жатыр. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері М.Жайымбетов пен М.Абенов ауданымызда болды.
Халық қалаулылары ең алдымен "Жалағаш Жосалы" автомобиль жолының қираған учаскелерін күрделі жөндеу жұмыстарын аралаудан бастады. Атап өтетеін жәйт 2023 жылдың 7 наурызында Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіне байланысты, келген су өзен арнасынан тасып облыстық маңызы бар "Жосалы - Жалағаш" автомобиль жолының 31,1км-гі көпірді, су өткізгіш құбырларды және асфальт қабаттарын су шайып бірнеше жерден бұзылған болатын. Жол бойындағы елді мекен тұрғындарын дер кезінде көлік қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен аталған жолды жөндеу жұмыстарына 213,5 млн теңге бөлінген болатын. Ағымдағы жылдың 26 маусымында мердігер мекеме анықталып, өз жұмыстарын бастап кетті.
Құрылыс алаңында қазіргі уақытта 20 адам 13 техника жұмыс жасауда. Бұзылған көпірдің 16 дана плитасы қайта қалпына келтірілген. Жұмыстың аяқталу уақыты ағымдағы жылдың қыркүйек айы екендігін ескере отырып мәжіліс депутаттары мердігер мекеме өкіліне құрылысты сапалы әрі мерзімінде орындалу керектігін атап өтті.
23 тамыз 2023 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930