Кептер ұстау хоббиі
qarmaqshy-tany.kz Адамзат баласы көгершінді бейбітшілік белгісі, адалдықтың символы деп бағалап келеді. Мамандардың айтуынша, көгершін әлемде көп тараған құс.
Адамға жақын жүргендіктен оны қолға үйретіп жүргендер де бар. Көгершінді қолға үйрету ежелден қол ға алынып, күні бүгінге дейін ол жалғасын тауып келеді. Қолға үйретілген көгершіннің 150ден астам түрі бар.
Олар тіпті ақ, сары, қара және түрлітүсті түсімен ғана емес, тұқымымен де ерекшеленеді. Бірі – айдарлы, енді бірі – тоты құсқа ұқсайды. Тіпті түрі экзотикалық құстарға ұқсайтындары да кездеседі.
Кептерді бала кезден асырауға әуестенген жанның бірі – Ақай ауылының тұрғыны Қайыржан Бөрібаев. Кептершінің үйіне барғанымызда ол көгершін деріне жем шашып, соларды айналшықтап жүр екен. Әрқайсысына жеке тоқталып, аспанда қалықтап ұшып жүр гендеріне қарап ерекше әсерленіп тұрғаны бізді қатты қызықтырып жіберді.
– Мен Жосалы кентінің тумасымын. Кептер менің бала кезден жаныма серік болып келе жатқан досым. Бала кезімде үйіме жақын Дүйсен, Әбілахат, Батырбек есімді кептер асырайтын көрші ағаларым болды. Олар ерте азанмен тұрып, кептерлерін сыртқа шығарып, саусақтарын ауызына тығып ысқырыпысқырып жібергенде әуелеп аспанға ұшатын. Солардың дауысын естіп мен сыртқа жүгіріп шығып, аспанда айнала ойнап ұшқан түрлітүсті кептерлерге қызыға қарайтынмын. Шіркін менің де осындай кептерлерім болса екен деп те армандайтынмын. Бірақ өсе келе сол ағаларымның қолдауымен кептер сатып алдым. Алғашында қарапайым кептерлерді, кейіннен олардың түрлі тұқымдас түрлерін асырай бастадым. Тіпті, ағаларыма еріп аудан, қала аралап, қымбат кептер асыраушылармен тәжірибе алмастым. Нәтижесінде тәжірибелі кептерші деген атаққа ие болдым. Бүгінгі таңда Қазақстанның түкпіртүкпірінен, тіпті жақын шет елдердегі кептершілермен хабарласып тұрамыз. Халықаралық көрмеде ұйымдастырылып тұрады екен. Шақырту да алдым. Бірақ, мен әзірге ондай көрмеге қатысып көрмеппін. Десе де телефон арқылы бірбірімізбен тәжірибе алмасып тұрамыз, – дейді Қайыржан Төлепбергенұлы.
1985 жылдары Жосалы кентінен әскери бөлімге қызметке тұрған Қайыржан отбасымен Байқоңырға қоныс ауыстырып, 20 жылға жуық өзі қызмет еткен әскери бөлімде абыройлы қызмет атқарады. Елеулі еңбегімен ел құрметіне бөленген ол әскери басшылықтан бірнеше рет құрмет грамоталары мен мадақтамаларына ие болады. Өмірлік жары Айманмен бірге үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, олардың тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар азаматы болып қалыптасуына еңбек сіңіруде. Қыздарының бірі – құқық қорғау мекемесінде қызметте болса, бірі – арнаулы оқу ордасында білім алуда. Бауыржаны ресейлік құқық қорғау мекемесінде қызметкер. Айтпақшы Қайыржанның ата-анасы Қармақшы ауылында ұзақ жыл қой бағып, өнегелі өмір жолымен елге танылған жандар. Саналы өмірін шопандыққа арнаған әкесі Төлепберген ҚазКСРнің де путаты болып сайланған. Бірнеше мемлекеттік награданың иегері.
– «Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті» дегендей, адамзат баласының ең жақын көретіні – құс, оның ішінде аққу мен көгершін. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы заманнанақ оларды жақсылықтың нышанына балаған. Оның ішінде балалық шағымыздағы танымал әніміздің бас кейіпкері – көгершін. Иә, көгершін көп ұлтта бейбітшіліктің белгісі, жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгінде саналы өміріме серік болып келе жатқан кептер ұстау кәсібі – менің хоббиім боп есептеледі. Ақайда кептершілер көп. Олармен кездесіп, бірбірімізге ақылкеңесімізді айтып отырамыз, – дейді кәнігі кептер бағушы.
Байқоңырдағы әскери бөлімде ширек ғасырға жуық қызмет атқарған ардагер Қайыржан Бөрібаев бүгінде құрметті зейнеткерлік дема лыста болғанымен бос уақытын тиімді пайдалануда. Ауласындағы бақша лықтағы жүзім, өрік, шие, алма сынды жеміс ағаштарын күтіпбаптап, олардан мол өнім алып отырған бағбан. Сонымен қатар, ол жылқы, түйе, уақ мал да бағып, оны бордақылып отыр.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ