» » Көгершін өсіру – хоббиі

Көгершін өсіру – хоббиі

Адам өзі шаршаса жанына жайлы нәрсені тез-ақ табады деген рас екен. Кейде бітпес күйбің тіршіліктің бір сарынынан жалығып кетіп жатамыз. Ондайда әркім әр түрлі ой тыныштығын іздейді. Олай дейтінім маған мына бір көріністің күнделікті назарыма айналуы себеп болды. Қай бір күні жұмыстан қайтқан уақытта аспанда қалықтай ұшқан көгершінді көзім шалды. Біреу емес бірнешесі көз алдымда топырлай ұшып ойнап жүр. Керемет. Түрлі түсті құстың қызығын бақылаймын деп біраз уақыттың өткенін байқамадай да қалыппын. Осыдан кейін күнде осы көгершіннің көктегі тіршілігін тамашалау әдетке айналды. Құдды шаршағанымды басатындай. Күндегі әдетпен жұмыстан шыға сала әлгі үйдің тұсынан құстарды іздей бастадым. Бүгін тым-тырыс, жоқ. Шамасы үй иесі ерте қамаған ау.
Күн арасын ұзатпай көгершіндерді жақыннан көруді шештім. Көктен көргеннен оны қолға ұстап, құс иесімен тілдесу маған одан да қызығырақ болды. Айтпақшы таныса отырыңыз бұл – құсшы Гәжденбек Әлекеев. Мен білсем ағамды танымайтын қармақшылық жоқ шығар сірә? Дегенмен жаңадан құс асырап баптаймын дегендерге шағын жарнамам ғой.
Хош. Елу үш жыл көгершін асырап кәсіп еткен құсшының бала арманы расымен қанатын жайған. Былай атқанда өзгелерге үлгі боларлық ғұмыр. Бала күнінде әскерге кеткен көрші ағасының жалғыз көгершінін асыраудан басталған қызығушылық, күні бүгінге дейін тоқтамапты. Қазіргі таңда Гәждекеңнің құс сарайында санаулы ғана көгершін қалыпты. Санаулы деймін ау, жетпіс алты көгершін бүгінде иесінің жан серігіне айналған. Құстарды көріп адалдық пен тыныштықты, сабырлық пен төзімділікті сезінесің. Оларға қарап миың сергейді. Жұптасып ұшқанын көріп-ақ ләззат аласың. Көгершін асырағанның бір жақсы қасиеті адамның көру қабілетін жақсартады екен. Ол биікке ұшқан сайын сенің іздеп қарап түсін ажыра білуің, көзге жақсы жаттығу деседі. Одан бөлек мойынға жиналған тұзды кетіреді мыс.
Құсшының айтуынша көгершіндер жұмыртқалап, көбейген уақытта әлгі айтқан санынан оданда асып түседі екен. Кейде кепенің ішіне сыймай кетеді дейді. Ол осыған дейін құстарын сұрағандарға пұлдап көрмеген. Керісінше көбейген кезде жан-жаққа хабарласып, өзі секілді көгершін асырағандарға алып кетуін өтініпті. Арасында сырттан басқа тұқым алдырып өзінің көгершінімен жұптастырып, басқаша түрін шығарамын дейді ол өз сөзінде.
Кейіпкерімізбен әңгіме барысында құстарын бірінші орынға қоятын байқадық. Жүзіне қарап мейірімділік пен сабырлылық, бауырмалдылық басым екені көрінді. Сірә, көгершіндер адамды осындай жақсы жақтарға баули ма деген ойда қаласың. Гәжденбек ағаның бұл кәсібі үйінде тек жары екеуіне ғана таныс екен. «Сыртқа кетіп қалсам үйдегі жеңгеңе қатты тапсырып кетемін, жағдайын біліп тұрмасам көңілім алаңдайды. Кейде шаршап келгенде немесе көңілім әлденеге алабұртқан уақытта көгершіндерімнің жем жеп оның жұптасып ұшып ойнағанына қарап серігіп қаламын» дейді ол сөзін қысқа қайырып.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
08 ақпан 2021 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 413

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 490

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930