» » Қармақшы ауданы бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Қармақшы ауданы бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды


qarmaqshy-tany.kz Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін бүкілоблыстық сенбілікке Қармақшы ауданы тұрғындары белсенді атсалысты. Тазалық жұмыстарын кент, ауылдық округ әкімдіктері мен бюджеттік мекеме қызметкерлері аудан тұрғындарымен бірлесе атқарды.

Аудан көшелеріндегі тазалықты сақтауды, халық арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен сенбілік жұмыстарына аудан халқы таңғы сағат 09:00-ден бастап кірісті.

Өткізілген тазалық жұмыстарының нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдар, көп қабатты үйлердің барлық қапталдары, орталық көшелердің бойы тазарып, күл-қоқыстар шығарылып, ақтау, сырлау жұмыстары жүргізілді.

Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, жасыл-желекпен жайқалтып қойса сол ауданның айнадай таза болып жарқырап тұруына қосқан зор үлесі болады.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 тамыз 2023 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 992
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031