» » 1 қыркүйектен бастап мектептерде біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі

1 қыркүйектен бастап мектептерде біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан «Өзіңді тап – өзегіңе орал» атты дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі форумның тақырыбы маңызды. Ең алдымен халқымыз, мемлекетіміз үшін өзекті мәселені шешуге арналған. Мемлекеттің басты байлығы – бала. Бала – бауыр етіміз, келешегіміз. Сол себепті бала тәрбиесі әрқашан өзекті болып қала бермек. Ұрпақ тәрбиесі - адамзат қоғамының, мемлекет дамуының негізгі алғышарты. Бұл сөзді қайталып айтып, санамызға сіңіре беруіміз керек. Олай болса әрбір ата-ана, мектеп, педагог, қоғам болып «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», осы жағдайды түзетуге күш салуымыз қажет, - деп айтты вице-министр форумда.


Еділ Оспан атап өткендей, бүгінгі форум осындай бастаманың өзегі болып отыр. – Ұрпақ тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Мемлекет бала тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз балаларымызды біліммен ғана емес, олардың адами құндылықтарға негізделген берік ділін, заманауи дүниетанымын келешек елдің мүддесіне адал қызмет ететіндей азаматтық мінезін қалыптасуға атсалысуымыз керек, - деп түсіндірді Оқу-ағарту вице-министрі.


Ведомство қазіргі күні басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп біртұтас тәрбие бағдарламасын әзірлеген. Бұл жұмыстар аясында құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру саясатын іске асыру мақсат етіліп отыр.

Бағдарламаның аясында бүгінгі күні өзекті болып отырған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту мақсатында білім беру ұйымдарында «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жобалары жаңа мазмұнда жалғасады, - деп айтты Еділ Оспан форумда.

Іс-шараны «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастырды

11 тамыз 2023 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728