» » БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАЙЫПТЫ ІС

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАЙЫПТЫ ІС

Жуырда №250 мектеп-лицейінде «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Оған педагог қызметкерлер, ата-аналар қатыстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарға шақыру, жанұяда жемқорлыққа қарсы тәрбие беру өзек етілді.
Жиналыста мектеп-лицейдің директоры Г.Еркебаева хабарлама жасап, жанұядағы дәстүрлі құндылықтарға, соның ішінде адал еңбек ету, сыртқы ортаға зиян тигізбеу ұғымдарына кеңінен тоқталды. Сонымен берге, жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің білім ордасымен қатар, жанұяда да маңызды рөл атқаратындығын атап айтты.
Шарада «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы мен оның негізгі мақсаты туралы түсіндірме берілді. Қорыта келе, жиын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын саналы жеткіншектерді тәрбиелеу жұмыстарын одан әрі қарқынды жүргізуге шақырды.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК.
19 мамыр 2018 ж. 1 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930