Құрылтай
» » Спорт алаңы жаңғыртылды

Спорт алаңы жаңғыртылды


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылындағы спорт алаңы күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта пайдалануға берілді.

Ауданның 95 жылдық мерейтойы мен Жастар күніне орай бүгін аталмыш алаңда ауданның әр аймағынан келген командалар арасында шағын футболдан турнир өткізілді.

Тартысқа толы кездесулерде айқын басымдық танытқан «Дүр Оңғар» командасы жеңімпаз атанса, қалған жүлделерді Қармақшы, Қуаңдария ауылдары және Жосалы кентінің командалары иеленді.

Түрлі аталымдар бойынша үздік атанғандар мен жеңімпаз командаларға дәрежелі дипломдар, сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, спорт алаңының күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат аудан қазынасынан қарастырылған.

Инстаграм

05 тамыз 2023 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31