» » Мәдениет және бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды

Мәдениет және бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы мәдениет және спорт саласының қызметкерлерімен кездесті.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары рухани құндылықтың мекеніне айналған кітапхана қызметкерлерімен жүздесіп, еркін форматта пікір алмасты.

Сонымен қатар кездесуде аудандық кітапхана директоры Күлшара Қаниева 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы хабарлама жасап, қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары кітапхана қызметінің сапасын арттыру, оқырмандар санын көбейту, кітапханалар жанындағы үйірме жұмыстарын жаңғыртып, аудан тұрғындарына сапалы қызмет жасау бойынша тапсырмалар берді.

Одан кейін, Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің және К. Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің қызметкерлерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Шығармашылық өкілдерімен кездесу барысында биыл аталып өтілетін «Қармақшы ауданының 95 жылдық мерейтойы» аясында өтетін іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Аудан әкімінің орынбасарының жоспарлы кездесуі «Спортклуб» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен жалғасты. Спорт саласында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен танысып, спорт клубы бөлімшелерінің жұмыстарын жандандыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берді.

04 тамыз 2023 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031