» » Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары саябақтарды аралады

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары саябақтарды аралады


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы тиісті сала басшыларымен бірге Жосалы кентінде орналасқан бір қатар саябақтарды аралады.

Алдымен, аудан әкімінің орынбасары «Қазақ хандығына 550 жыл» аллеясын абаттандыру жұмыстарын көрді.

Биыл аталмыш аллеяны көгалдандыру мақсатында аяқ сумен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары атқарылды.

Одан кейін, «Этно ауыл», «Дендропарк», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы демалыс саябағы мен «Ардагерлер» аллеясының жай-күйімен танысты.

Аудан әкімінің орынбасары нысандарды аралау барысында сала басшыларына саябақтарға санитарлық-тазалық жұмыстарын үнемі жүргізіп, тұрғындар демалысы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына саябақтарда мерекелік серуендер, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

25 шілде 2023 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930