» » Халық қалаулысы есеп берд

Халық қалаулысы есеп берд

qarmaqshy-tany.kz Өткен аптада аудандық «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Мырзаш Бекбаев аудандық мәслихаттағы фракцияның және партияның сайлауалды бағдарламасы аясында осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Депутаттың басты міндеті — сайлауда дауыс берген халықтың сенімін ақтап, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын басты назарда ұстау. Бүгінде ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары партияның тұрақты бақылауында. Атап айтсақ, бұқаралық спортты дамыту саласы бойынша Ақай ауылында дене шынықтырусауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатса, Иіркөл мен Төребай би ауылдарында балалар және спорттық алаң құрылыстары пайдалануға берілді.

Жолдың сапасын жақсарту бойынша аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» «Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев» автожолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Жосалы кенті, Қуаңдария, Ақай, ІІІ Интернационал ауылдарында көшелерді жөндеу кезең-кезеңімен орындалуда.

Тұрғындардың денсаулық сапасын жақсарту мақсатында аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілсе, Ақжар, Тұрмағамбет, Жаңажол ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысының жұмыстары басталды.

Қорыта айтқанда ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау комиссия мүшелері тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Жиында халық қалаулысы Мырзаш Қуандықұлы «Халық пен биліктің арасында дәнекер болып, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың өзекті мәселелерін көтеру, экономиканың өсу қарқынын жетілдіру, елді мекендердің инфрақұрылымын әрі қарай дамыту мәселелері әрқашан депутаттық фракцияның басты назарында» деді ол.

Айта кетерлік жайт, бұдан кейін фракция мүшелері алдағы уақытта ай сайын өткізілетін брифингке қатысып, атқарылған жұмыстар жөнінде өз есебін беретін болады.
«Қт» ақпарат
02 тамыз 2023 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930