» » Жасөспірім қауіпсіздігі жіті назарда

Жасөспірім қауіпсіздігі жіті назарда

qarmaqshy-tany.kz Төретам кенті және Ақай ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік комиссия отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Ғалымжан Елеусінов жүргізді. Жиналысқа комиссия мүшелері, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Күн тәртібінде Байқоңыр қаласы әкімшілігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясымен анықталған кәмелет жасқа толмағандардың құқықбұзушылығы, Жастар ресурстық орталығының кәмелетке толмағандар мен жастарға бағытталған жұмыстары, темір жол аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау шаралары, 2023 жылдың ІІ тоқсанында (атқарылған жұмыстардың есебі талқыланды.
Отырыста ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы М.Мырзағалиеваның орын алған құқықбұзушылық туралы баян­дамасы, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі және ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Пірназаровтың кәмелетке толмағандар мен жастарға бағытталған жұмыстары туралы баяндамасы назарға алынды.
Комиссия төрағасы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында болмаудың алдын алу мақсатында жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Төретам кенті ардагерлер кеңесінің мүшелері Төретам кентінен жастар ресурстық ор­талығын ашу жөнінде ұсыныстарын білдірді.
«Қт» ақпарат
29 шілде 2023 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

01 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 163
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031