» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Төретам кенті және Ақай ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысын комиссия төрағасы, Төретам кенті әкімі Ғ.Елеусинов жүргізіп отырды. Жиналысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: 1) Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаушылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу; 2) Толық емес отбасында, тұрмыстық жағдайы қолайсыз отбасында тәрбиеленетін және ерекше бақылауды қажет ететін балалармен жүйелі мекен-жайлық әлеуметтік - психологиялық жұмыстар жүргізу.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Е.Игенбаев, Қармақшы аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының әдіскері А.Есенгелдинова және әлеуметтік педагог Ж.Елубайқызы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты М.Мурзагалиева, Төретам кенті “Жәрімбет ата” мешітінің бас имамы Д.Талқанбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Оқылған баяндамалар барысында кәмелетке толмағандармен тығыз жұмыс жасалып, суицид, құқықбұзушылық, зорлық- зомбылықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, соған сай іс-шара жоспарлары құрылып, білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып рейдтік іс-шаралар жүргізіліп отырғандығы айтылды.
Сонымен қатар Байқоңыр қаласының №272, №275 мектептерінің түлектерін ата-аналарының өтініштеріне сәйкес қазіргі таңда оқу орындарынан шығып қалуына байланысты Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты кешкі мектепке орналастыру мәселесі қаралды. Олардың ата - аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

10 ақпан 2023 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930