Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Бақылау жауапкершілікті еселейді

Бақылау жауапкершілікті еселейді

qarmaqshy-tany.kz Апта ішінде аудан әкімі аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Ең бірінші жалпы көлемі 8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент», «АқжарКөмекбаев» автожолының жұмысымен танысып, жауапты сала басшыларына елді мекендерді облыс және аудан орталықтарымен байланыстыратын автожол құрылысының сапасын тұрақты бақылап, халық игілігіне пайдалануға беру үшін құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуының маңыздылығын атап өтті.

Дауылкөл, Ақжар, Жаңажол елді мекендерінде биыл құрылысы басталған фелдьшерлік-акушерлік пунктердің жұмыстарымен танысты. Ауыл әкімдері мен сала басшыларына халық қажеттілігі үшін салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысын тұрақты бақылау қажеттілігін ескертті.

Аудан басшысының жұмыс сапары Ақжар ауылындағы Ж.Жабаев көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысу және ауыл диқандарымен жүздесуімен жалғасты. Олардың көкейтесті сұрақтарына жауап берілді. Одан соң, аудан әкімі Жандос Еркінбек ІІІ Интернационал ауылына ат басын бұрып, Астана көшесіне жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы мен скважиналық су айдау қондырғысының жай-күйін көрді.

Сапар соңында Жандос Еркінбекұлы Иіркөл ауылы тұрғындарымен кездесіп, бақша жұмыстарын бақылап, ауыл шаруаларымен еркін форматта пікір алмасу өткізді. Шаруалар ойда жүрген мәселелерін алға тартса, аудан басшысы ұсыныстардың назарға алынатынын тілге тиек етті.
«Қт» ақпарат

23 шілде 2023 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031