» » Аудан мерейін асырды

Аудан мерейін асырды

Жақында  «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауы өткізілді. Онда үздіктер анықталып, кәсіпкерліктің көкжиегі тағы бір мәрте бағамдалды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған көрмеде 60-тан астам кәсіпкер өз өнімдерін ұсынған. Үздік сапа иесін анықтайтын комиссия мүшелері үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Атап айтсақ, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша және «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша аталымдар берілді. Осы үш номинация бойынша үздік деп танылған 9 кәсіпкер енді Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде өз өнімдерін таныстыратын болады. 

Байқау нәтижесімен ауданға қарасты «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясын иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. Бұл марапат – кәсіпкер еңбегін айшықтап, аудан мерейін асырды.
Негізінен Орынбасар Төлепов басшылық ететін «Жаңажол» ЖШС-ның жұмысы қай кезде де жүйелі. Оны әр уақытта Дүр Оңғар ауылына іс-сапарлатып барғанда аңғарып жүрміз.

Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылдың өсіп-өркендеуіне қосып келе жатқан үлесі орасан.
Шаруашылық өткен жылдарда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, олардың заман талабына сай өмір сүруіне, туған ауылының гүлденуіне көптеген игі істер атқарып, құрметке бөленіп жүр. Атап айтар болсақ, түрлі гүлмен көркемделген ауыл орталығындағы алаң, оған қарама-қарсы орнатылған саябақ, оның ортасында орналасқан Бәйтерек пен су бұрқағы қай кезде барсаңыз да сұлулығымен көз тартады.

Шаруашылықтың тағы бір ерекшелігі – ауылда өтіп жатқан барлық қоғамдық жұмысқа белсене араласып, тұрғындардың заман талабына сай өмір сүруіне қолдау көрсетуі. Тұрмысы түрленіп келе жатқан ауыл тұрғындары шаруашылықта да оң өзгерістердің бар екенін алға тартады. Расында да, соңғы жылдары шаруашылық егін шаруашылығы бойынша озық технологияларды пайдалана отырып, сапалы өнім өндіруден облыс бойынша бірінші орында келеді. Күріш дақылынан басқа да әртараптандыру бағытындағы арпа, бидай, жоңышқа дақылдарынан да өнім жинауда жоғары көрсеткіште. Бүгінде соя, сорго дақылын өсіруді қолға алған. Оның үстіне тәулігіне 100 тонна күріш ақтайтын зауытын іске қосып, еңбек әлеуетін арттырды. Өткен жылы негізгі дақыл күріш көлемі бойынша 3000 гектар егіп, гектарына орта есеппен 72,2 центнерден өнім жинады. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қатысуымен өткен «Парыз» республикалық байқауының нәтижесімен Орынбасар Өтепұлы басшылық ететін «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясымен марапатталған еді.

Шаруашылық жұмысын ширатып, сан саланы қатар дамытып келе жатқан Орынбасар Төлепов алдағы уақытта да игі істердің жанынан табылып, сапалы өнім өндіруден алғы шептен көрінері сөзсіз.

«Қт» ақпарат

 
11 шілде 2023 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031