» » Мақсат — отандық өнімнің сапасын арттыру

Мақсат — отандық өнімнің сапасын арттыру

Жақында Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2022» өңірлік көрме-байқауы өтті. Іс-шараны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері, қаржы институттарының өкілдері мен аймақ кәсіпкерлері, сондай-ақ облыс тұрғындары қатысты.
Ел нарығын жоғары, сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, кәсіпкерлердің отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыруға ынталандыру мақсатында Президенттің Жарлығымен 2006 жылдан бастап елде жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өткізіліп келеді. Ол «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша жүргізіледі. Көрме-байқаудың 9 жеңімпазы (әр номинацияда үш жеңімпаздан) республикалық конкурсқа қатысады. Биыл өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 60-тан астам тауарөндіруші қатысқан. Құрамында бизнес, мемлекеттік орган өкілдерінен тұратын сарапшылар конкурсқа қатысушылардың өнімдерімен танысып, бағалау жұмыстарын жүргізді, жеңімпаздарды анықтады. Сараптамалық топтың анықтауымен «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша цемент өнімдерін шығаратын «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС, мұнай өндірісіне арналған қондырғылар шығаратын «Новомет-Казахстан» ЖШС, поливинилхлорид және төменгі қысымды полиэтилен құбырларын шығаратын «Казахстанская Нефтехимическая Компания Кемикал» ЖШС Қызылорда филиалы, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша ұлттық киімдер тігумен айналысатын жеке кәсіпкер «Aiman Abdi», құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «ВЕГА-Пром» ЖШС, жиһаз дайындайтын «Алис трейд Казахстан» ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша өңделген ет, сүт, көкөніс өнімдерін шығаратын «Аруана Агролидер» ЖШС, күріш және күріш өнімдерін өндіретін «Асыл дән LTD» ЖШС, өңделген балық және балық өнімдерін өндіретін «Қарашалаң Сервистік Дайындау Орталығы» ЖШС жеңімпаз атанды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жеңімпаздарды арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықпен марапаттады. Іс-шара аясында Балалар жылына орай жеңіл өнеркәсіп саласындағы жергілікті тауарөндірушілер, жеке кәсіпкер «Aiman Abdi»-дің қазақы нақыштағы балаларға арналған киім үлгілерінен, жеке кәсіпкер Цой Светлананың балаларға арналған кешкі көйлектер топтамасынан, «DALATEX» ЖШС-нің «Мектеп формасы» топтамасынан дефиле көрсетілді. Отандық өнім өндіріп, облыста кәсіпкерлік саласының даму- ына қосқан үлесі және өңірлік көрме-байқауына қатысып, белсенділік танытқан кәсіпкерлер облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықовтың алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге, көрме-байқауда кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында шағын бизнес өкілдеріне демеушілік көрсету жөнінде бастама көтерді. Осылайша сараптамалық топтың ұсынысымен көрме-байқауға жоғары дайындықпен келген 9 кәсіпкер арнайы сыйлықтарға ие болды. Айта кеткен жөн, көрме-байқауға аудан кәсіпкерлері ЖК «Алина» киімдері, «Тұрмағамбет» ЖШС-ның айран, қаймақ, кілегей, балмұздақ өнімдері, «МИР-2001» ЖШС ұсақ бөлшектелген бетон бұйымдары, ЖК «Дос»-тың үй жиһаздары, ЖК «Бакыткул»-дің қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, кәсіпкерлер тәжірибе алмасып қайтты.
«ҚТ» ақпарат



23 шілде 2022 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031