» » Өңірдің үздік тауары анықталды

Өңірдің үздік тауары анықталды

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына 80 кәсіпкер қатысуға өтініш білдіріп, оның ішінде көрмеге 64 кәсіпкер қатысты.
Байқауда Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын және өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту жөнінде оң нәтижелері бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болды.

Көрмеге Қармақшы ауданынан «Жаңажол» ЖШС күріш өнімдері, жеке кәсіпкер «Айдана» жартылай фабрикат өнімдері, «Аңсаған» қоғамдық бірлестігінің көрпеше, төсеніш жастықтары, жеке кәсіпкер Талғат Жасаңбаевтың күріш таяқшалары қойылды.
Нәтижесінде ауданымыздан қатысқан «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша күріш өндірісімен айналысатын «Жаңажол» ЖШС жеңімпаз атанды.

Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Райымов пен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова жеке кәсіпкер Талғат Жасаңбаевқа, Бақыткүл Райымбаева, Айдана
Күздібаеваға және өзге қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.
30 маусым 2023 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930