» » Қызылордада үздік тауарлар көрмесі өтті

Қызылордада үздік тауарлар көрмесі өтті


Бүгін Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Аталған көрмеде 60-тан астам тауар өндірушілер өз өнімдерін орналастырды.

Үздік тауар иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы, Өңірлік кеңес мүшелері, байқау сарапшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Облыс әкімінің орынбасары павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Байқаудың комиссия мүшелері үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бұл жолы 9 кәсіпорынның тауары үздік деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен телевизордың сертификаты табыс етілді. Бұған қоса, олар елорда төріндегі сапалы өнімдер сайысына қатысатын болады.

- Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан көрменің мақсаты - жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту. Айта кетейін, өткен жылы аталған байқаудың республикалық кезеңінде «Асыл Дән LTD» серіктестігі «Ұлы Дала» бірыңғай брендін жеңіп алды. Биыл да аймақ кәсіпкерлері көшбасшылар қатарынан көрінетініне сенемін,-деді облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы.

Сондай-ақ биыл өңірде алғаш рет «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бастау алған болатын. Осы бағдарлама аясында 23 кәсіпкер өтінім беріп, бүгінгі көрмеде өнімдерін көпшілікке таныстырды.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі



30 маусым 2023 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031